Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінің жатақханасында жиналыс болып өтті. Жиынның мақсаты студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және жатақханаға орындар бөлу туралы комиссия құрылды.

Ол коммисияның құрамында: «Nur Otan» партиясы ШҚФ Әл-Фараби аудандық филиалы, Әкімшілік шаруашылық қызметі жөніндегі департамент директоры м.а., университет әкімшілік деканаттары, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры, “Jas Otan” ЖҚ ШҚФ төрағасы, ОҚМУ Студенттік ректоры, ОҚМУ профессор оқытушылары бар.

Айта кетсек, университеттің 6 жатақханасы бар, яғни 2027 студентті жатақханамен қамтамасыз ете алады. Университеттің жатақхана берілу сатысына тоқталсақ, тыл жетімдерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасынан шыққандар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасының балаларына беріледі.

Университеттің жатақханаларын аралау бойынша комиссия мүшелеріне N5 жатахана көрсетіледі: 1 — асханасы, 10 — ас әзірлейтін бөлмесі, 1 — компьютерлі класс, 14 — компьютер, 1 — оқу бөлмесі, 8 — демалыс бөлмесі, 1 — тренажер залы бар. Мекен-жайы: Дулати көшесі 198 үй, 586 студентке орын бар.

Алдағы уақытта жаңа жатаханалар салу жоспары бойынша 500 орындық жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында жатақхана салу үшін бір-екі кәсіпкермен келісімдер жүріп жатыр.

Пікір жазу