Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бақытбек Смағұл «Болашақ 7» ЖШС -нің жұмысымен танысты.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс зауыты «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Зауыттың өзіндік құны – 1 млрд теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Депутат өндіріс орны жұмысымен танысып, зауыт жұмысшыларымен кездесті.

— «Болашақ 7» ЖШС-дегі өнімдердің шикізатының 80 пайызы өз елімізден. Зауыт соңғы технологиямен жабдықталған, өніміміз сапалы болғандықтар сұраныс бар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған зауытта 80-нен астам жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Жалақы 140 — 160 мың тенге көлемінде. Одан бөлек 50 жуық жұмысшы өнімді таратуға тартылған, — дейді кәсіпорын директоры Ерлан Омаров.

Сусындардың дәмін көрген мәжіліс депутаты, зауыт өніміне және тауар белгісіне жоғары баға берді.

— Темір құтыдан өнім шығаратын еліміздегі бірден-бір өндіріс осындай қарқынмен жұмыс істеп жатқаны қуантатын жағдай. Зауыт басқа да өте сапалы сусындармен елімізді қамтамасыз ете отырып, оны шетелге де экспорттайды. Жұмысы, айналымы үлкен еңбекпен келіп жатқан дүние. Өкінішке орай, шетелге, көршілес Өзбекстан еліне үлкен сұранысы бар біздің өнімдердің барлығына олардың салығы 4 есе қымбат. Ал, біздің елге кіріп жатқан шетелдіктердің өнімдерінің салығы аз. Ондай жағдайда Парламентте Nur Otan партияcымен бірге салық мәселесін шешетін боламыз. Осындай өздерінің іс-қабілеті бар, еліміздің дамуына үлес қосып отырған кәсіпорындарға, мекемелерге ықпал жасау — ол біздің басты міндетіміз, — деді депутат.

Сондай-ақ, депутат өндіріс орны жұмысшыларымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Пікір жазу