Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынуларды ұжымдарда қарастыруда

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынуларды ұжымдарда қарастыруда

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басымдықтарының бірі болып айқындалған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы қылмыстық процессуалдық кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізу болып табылады.

Мұндай тәсіл қылмыстық тергеулердің қисынды аяқталуы болып табылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қандай да бір салада қайталанған сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Шымкент қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымымен кездесу өтті.

Мердігер ұйымдардың трансформаторлар мен газ есептегіш құралдарын жеткізу бойынша орындалмаған жұмыстары үшін ақшалай қаражатты заңсыз төлеу фактілері бойынша ұсыныс қаралды.
Аталған құқық бұзушылықтар Басқарманың лауазымды тұлғаларының салғырт қарым-қатынасы нәтижесінде жіберілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, ұжымда парасаттылық қағидаттарын енгізуге ерекше назар аударылды.
Кездесу ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың, басшы орынбасары К.Қабылбековтың қатысуымен өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдау, сондай-ақ ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне егжей-тегжейлі талдау жүргізу ұсынылды.

Пікір жазу