Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Қаланың сәулеттік келбеті — басты назарда

Қаланың сәулеттік келбеті — басты назарда

Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері және сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерімен бірлесе, кезекті іс-шара ұйымдастырылды.

Іс шара барысында, аудан аумағындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан коммерциялық нысан иелеріне Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 508 бабының 11-бабына және Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V1 ҚР3 кодексінің 603 және 605 баптарына сәйкес заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

Пікір жазу