Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Грант ал да, кәсібіңді баста

Грант ал да, кәсібіңді баста

Бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы жүзеге асуда. Биыл бұл пилоттық әдіс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында қолға алынды. Бағдарлама, негізінен, 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған.

ҚР «Атамекен» ҰКП жыл сайын 45 мыңнан астам бастауыш кәсіпкерлерді оқытпақ ниетте. Қазіргі таңда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысушыларға екінші топтың дәрісін бастап кетті. Шілденің 22-і күні басталып, 13 тамызда аяқталған бірінші топтың дәрісіне 585 адам қатысқан.

Қала бойынша бірінші топқа жалпы 1040 өтінім қабылданған. Тестілеуде 780 үміткер қажетті ұпай жинады. Олар 21 күн дәріс тыңдап, өздерінің бизнес идеяларын жазып шықты. Екінші лектің дәрісі 16 тамызда басталды.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысыӘділжан Датқаевтың айтууына қарағанда қатысушылардың 20 пайыздан астамы өз кәсібін ашып, дөңгелетіп кетеді екен. Жалпы биыл 1400 адамды оқыту жоспарланып отыр екен. Оның 20 пайызы – грант алуға үміткер.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қаладағы 13 нысанда бір мезгілде өтеді. Әрқайсысында кем дегенде 50 тыңдаушыдан бар. Олардың дені – кәсіп ашқысы келетін 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, жас отбасы мүшелері және еңбекке жарамды мүгедектер, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Пікір жазу