Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Шәкірттерімнің көп бөлігі кәсібін бастайды деп сенемін»

«Шәкірттерімнің көп бөлігі кәсібін бастайды деп сенемін»

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында өткізіліп жатқан бизнес-тренингке жиналған жастардың ынтасы жоғары.

Сабақ барысына куә болдық. Жиналған жастардың әрқайсысы әр түрлі ортадан келген. Басты мақсат – осындай жастардың қабілеттерін ашып, кәсіпке баулу. Бизнес-тренерлер еліміздің барлық аймағынан жиналған. Олардың өзі тест тапсырып, қатаң іріктеуден өтеді. Оқытушылардың бірі –Балжан Шарханова кезінде экономика менеджменті мамандығын бітірген. 15 жыл банк саласында қызмет атқарған білікті маман. Негізгі бағыты – шағын және орта бизнес саласы. Қазір Қ. Яссауи атындағы ХҚТУ-да докторантурада оқиды.

Жаңа топтағы бизнес идеяны қайдан табу жөніндегі дәрісі жастардың қызығушылығын оятты-ақ.
– Қатысушыларды кәсіпке құлшындыру – басты мақсат. Бәрінің де көзінде от бар. Оларға стандартты емес іс-әрекеттер, әдіс-тәсілдерді қолданып жатырмыз. Қоғамнан шет қалмай, жаңа орта тауып, жұмыс істеуге ынталандыруымыз керек. Сұрақ қойған кезде тосылып қалатындары да бар.

Сол себепті түрлі ойын ойнатамыз. Топ-топқа бөліп тастауымның мәні осы. Тыңдаушыларымның саны 60-тан асады. Болашақта осылардың көп бөлігі кәсібін бастайды деп ойлаймын, – дейді тренер.
Рас, мұндағы дәрісте ұжымдық аура басым. Бәрі де ұйымшылдық танытады. Сабақтың қорытындысы бойынша – бұлар өздері бизнес-жоспар дайындауы керек.

Пікір жазу