Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Бұ л туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған сессия жұмысына қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясының отырысына Бегайдар Төлегенов төрағалық етіп, күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Оның негізгісі Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті жайында болды.
Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың жасаған баяндамасы тыңдалды. Мемлекет қаржысының қай мақсатта және қалай жұмсалатыны жайында бұған дейін тұрақты комиссияда қаралған болатын.
Сонымен қатар, сессияда Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Нәлібаев қосымша баяндама жасады. Жиында одан бөлек Шымкент қаласының Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.