Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Бұ л туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған сессия жұмысында қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, алып: «Өздеріңізге белгілі, республикалық статусқа байланысты қала бюджетінде қаржылық тапшылық орын алған болатын. Бүгінде республикамен қарқынды жұмыстар жүргізіліп, тапшылықтарды жою үшін 6,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінуде. Қаражатты бірінші кезектегі қажеттіліктерге жұмсауымыз керек. Мәселен, жыл соңына дейін Айкөл, Ақжар, Сайрам елдімекендеріне сапалы ауыз су жүргізіледі. Оған қоса Достық шағынауданынан басталатын магистралды су құбыры аяқталып, нәтижесінде Ынтымақ, Жаңатұрлан, Батыс елдімекендеріне су беру мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, кеше ғана қоғамдық көлік мәселесі шешілген Тұран шағынауданындағы «Әдия» және «Отау» тұрғын үй кешендеріне баратын жол құрылысына да қосымша қаржы қаралды. Жалпы, алдағы уақытта шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралатын болады. Спорт және мәдениет нысандарына да келер жылы қаражат қарастырылады» деді.