Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті

Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті.

Отырысқа партияның Шымкент қаласы бойынша төрағасы Ерлан Айтаханов пен партия мүшелері қатысты. Бұ лтуралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Шымкенттің 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы болды.

Аталмыш бағдарлама жайында қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр баяндама жасады. Ербол Әбілқайырұлының сөзінше, Бағдарламада 72 индикаторлар қарастырылып, оның 2018 жылы 65-не қол жеткізілген. Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1%-ды құраған. Бұл — өсімі бойынша республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

2019 жылы жалпы өңірлік өнімді 2,4 трлн теңгеге, өсімін 104%-ға, халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнімді 2,4 млн теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Е.Садыр бағдарлама 5 бағыттан тұратыны жайында да атап өтті. Олар: экономика әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары.

Пікір жазу