Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр қала бюджетінің орындалуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі, 23 қыркүйектегі №490, №701 Қаулыларына сәйкес, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Ербол Әбілқайырұлы негізгілерін атап көрсетті:
– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 10 981,3 миллион теңге;
– Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға (304 пәтер) – 2 160,0 миллион теңге және тұрғын үй сатып алуға (600 пәтер) – 4 320,0 миллион теңге;
– Жастар практикасына және бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге – 2 020,0 миллион теңге;
– Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға – 1 111,3 миллион теңге;
– Азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға – 778,3 миллион теңге;
– Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін білімі бар маман даярлауға, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 111,4 миллион теңге;
– Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға – 732,1 миллион теңге.
Нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 215,7 миллиард теңгеден 237,1 миллиард теңгеге дейін артатын болады (өсім – 21,4 миллиард теңге)
(Ә.Ә.)
(Асхат Әссандидің фоторепортажы)