Мемлекет сыйақысы – бұл тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта — ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат, яғни мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.
Аталған қаражат әр жылдың басында бірден барлық депозиттерге бір рет аударылады.
Биылғы жылдың соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, яки 505.000 теңге, онда ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын аласыз. Биыл ол -101.000 теңге, — деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банк, Шымкент филиалы бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов.
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» — тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесін жүзеге асырып отырған еліміздегі жалғыз банк. Банк Европалық құрылыс жинақ кассалары федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағының мүшесі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі».