Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар бойынша 677 млн теңге үнемделген.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық — коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Балмейір Сансызбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл құрылған басқарма мамыр айынан бастап заңдағы өзгерістерді басшылыққа ала отырып, жалпы құны 20 млрд 034 млн теңгеге (ҚҚС-сыз) 52 электронды мемлекеттік сатып алу конкурсын жарияланған.
Жалпы конкурс процедуралары аяқталып, жеңімпаздар анықталған конкурстардың саны — 50. Оның ішінде бір мемлекеттік сатып алу қайта жарияланса, тағы біреуі бойынша өтінімдер қабылдану сатысында. Жалпы сомасы 15 млрд 56 млн теңге жүзеге асырылған. Үнемделген соманың үлес салмағы 4,5 пайызды құрап отыр.
Брифинг барысында әріптестеріміз тиісті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.