Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен өткізілген брифингте қаладағы көші — қон саласы, азаматтармен кері байланыс орнату және басқа да бағыттар айтылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
— Полиция үшін ең қымбат — халықтың сенімі, олардың алғысы. Кейде үлгере алмай қалатын жағдайлар бар. Бірақ бірде-бір арыз — шағым ескерусіз қалып жатқан жоқ. Қалада көшедегі жол белгілерін әлі де жетілдіру қажет. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандармен бұл мәселелерді шешуге кірісіп кеттік. Негізінен, бізге біршама қиындық тудыратыны — есірткі бизнесі. Қылмыстың алдын алу, жолын кесу бойынша көп жұмыс атқарылады. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда есірткі бизнесіне қатысты қылмыс саны 299-дан 243-ке, яғни 18 пайызға төмендеп отыр, — деді департамент басшысы.
Ералы Мұсаәліұлы брифингте көші — қон саласы, азаматтармен кері байланыс орнату, профилактикалық іс-шаралар мен акциялардың барысы, материалдық — техникалық жағдай бойынша да мәліметтер айтып, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.