2019 жылы 29 қазанда Шымкент қалалық Полиция Департаментінің 102 пультіне белгісіз тұлғалар Арғынбеков көшесіндегі кафенің біріне кіргені және бірнеше рет оқ атқаны жөнінде ақпарат түсті.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов құқық бұзушылықтың алдын алу және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ өкілдерімен бірге баспасөз брифингте айтылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнында бір адам көз жұмды және әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқиға болған жерді тексеру барысында қылмыс құралдары табылып, тәркіленді.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағы және 287 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Күдіктілердің жеке басы анықталып, іздестірілуде. Қылмыстық істі тергеу барысы Прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында
Бұл жөнінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Шымкент Қаласының Полиция Департаменті басшысы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.