Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 2020 ЖЫЛ – ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

2020 ЖЫЛ – ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастырумен ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстандағы Волонтерлік жылы қарсаңында Шымкент қаласының Волонтерлікті қолдау орталығы («Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі) «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.
Жобаның Шымкенттегі серіктестері: Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, «Жас Отан» ЖҚ, «ТESh» қоғамдық бірлестігі, «National Alumni Network» қоғамдық бірлестігі, Шымкенттің американдық бұрышы.

Сонымен қатар, брифингте шағын гранттар бағдарламасының іске қосылатындығы туралы сөз қозғалды.

Аталған жобаның мақсаты — бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру.
Брифинг барысында келер жылдың перспективалары, сондай-ақ осы жылы Қазақстанда волонтерлік рөлді күшейтуге бағытталған қызықты жобалар ұсынылды.
Жобаның ұзақ мерзімді нәтижесі «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған «VоБлаго» (Игілік үшін) еріктілер корпусын құру жолымен жүйелі қадамдар жасалады деп күтілуде.

Пікір жазу