Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Абай ауданында улы газбен уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай ауданында улы газбен уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай ауданы, Игілік тұрғын алабы мен Құрсай елді мекеніндегі төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің мамандары бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Жалпы мамандар әңгімелесуден басқа елдімекендердегі үй-үйді аралайды.  Осындай ерекше шараның басты себебі – тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу. Осындай түсіндірме жұмыстарын ауданның жауапты сала  қызметкерлері үнемі, әсіресе жылыту маусымы алдында және оның уақытында өткізеді. Жеке сектордан басқа көпқабатты үйлер де міндетті түрде тексеріледі, себебі соңғы уақытта газ жабдығын орнату жағдайлары жиілеп кетті. Осындай іс-шара елді мекен тұрғындарына табиғи газ және пешпен жылытудың қаупі туралы айтуда таптырмас көмекші болып табылады.  Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Бөлім қызметкері Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірумен қатар, үй аралау кезінде орнатылған пештерді қарап шығып, ұсыным береді. Бұл ретте ересектерге де, балаларға да оқыту жадынамалары таратылды.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу