Шымкентте өрт сөндірушілер тағы бір адам өмірін құтқарып қалды. 2019 жылғы 25 қазанда 11 сағат 51 минутта «101» пультіне қаланың 8-шағын ауданындағы көп қабатты үйдегі өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласының мамандандырылған жасағының жеке құрамынан 19 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шықты. Оқиға орнына келген соң пәтердің терезесінен бесінші қабаттағы түтін шығып жатқаны анықталды. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер адамдарды құтқаруға күш салды. Пәтер есігі жабық болды. Жанып жатқан пәтердің есігін ашып, өрт сөндірушілер ер адамды тауып, оны шығарып, дереу Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Өрт 12 сағат 09 минутта ауыздықталып, 12 сағат 11 минутта толықтай жойылды.
Өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында адам өмірін сақтап қалды. Осылайша олар өрт сөндірушінің мамандығы айбындылықтың жоғары көрсеткіші екенін тағы да дәлелдеді.
Шымкент қаласы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникация тобы
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі