Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Әрбір адам экстремальді жағдайда өзін қалай ұстау қажет екенін, көмек көрсете алуды білу керек және бұл дағдылар бала жаста жақсы меңгеріледі. Сондықтан да Қызметтің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Горький атындағы мектепке барды. Олар балаларға отты абайсыз қолданудың салдарынан орын алуы мүмкін қауіп туралы, өрт болған кезде өзін қалай дұрыс ұстау қажеттігін айтып берді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірін ескертті.


Сонымен қатар көптеген «101 және 112 қызметтерінде өрт туралы бала хабарласа сене ме?», «неге жаттығу кезінде эвакуациялауда жоғарғы сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын өткізеді?», «бір қабат төмендегі пәтерде өрт орын алса не жасау керек?» деген сұрақтарға жауап берді.
Құтқарушылар: -Ең бастысы байбаламға салынбау және тығылып қалмау,- деп айтты. Бірінші өрт кезінде не істеу керек- «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндіруші және құтқарушыларды шақыру керек. Өрт орын алған елді мекеннің немесе ауданның, көшенің атын, үйдің нөмірін, қабатты және өзінің телефон нөмірін нақты айтамыз.

Егер саты торын түтін баса және сіз пәтерден шыға алмасаңыз, түтіннен мүмкіндігінше алысқа кетуге тырысыңыз, егер қылтима болса сол қылтимаға шығыңыз. Өзіңіздің артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз, бұл өрттің таралмауына көмектеседі. Өзімізбен міндетті түрде ұялы телефонды аламыз және құтқарушыларға қай бөлмеде екендігіңіз туралы хабарлаймыз.
Сондай-ақ олар улы газбен уланып қалған адамға қалай көмек көрсету керектігі туралы айтып берді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу