Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлы халықтың-Ұлы АБАЙЫ» Шымкенттегі Болашақ колледжінің шәкірттері тіл апталығын осындай айдармен бастады, деп жазады  «OŃTÚSTIK а материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Әдеби кеште ақынның қайталанбас мұралары мен туындылары дәріптеліп, жастар «Тау тұлғаның» бейнесін сахналады. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған шара жыл бойы жалғасын табатын болады, дейді білім ошағындағылар.

Білім ордасының мұғалімдері мен жастар тіл апталығын ұлы тұлғаның шығармаларымен бастады. Жастар ойшыл-философ ақынның қайталанбас өлеңдерінен үзінділер оқып, әндері орындалды. Басты мақсат жастарға ұлылықтың сырын тереңірек үйрету, дейді ұйымдастырушылар.

Кеште әсіресе биыл ғана білім ұясының табалдырығын аттаған шәкірттер белсенділік танытты. 1 курс студенттері ел сүйген ақынның өлеңдерін жатқа айтып, шығармаларының маңыздылығына тоқталды. Тіпті жастар ақынның өмірінен үзінді алып, Абай мен Тоғжан арасындағы махаббат сезімін сахналады. Жастарға жол сілтеген Әлия Жүзжасарова ұлы ақынның шығармалары мен қанатты сөздері өскелең ұрпақты тірбиелеуде алар орны ерекше, дейді.

Қазіргі таңда жоғарғы «Болашақ» колледжінде 2000-ға жуық студент білім алады. Оқумен қатар шығармашылыққа да айрықша көңіл бөлетін колледж студенттері қазақ әдебиетінде шоқтығы биік тұлғалардың барлығын да үлгі тұтады.

Пікір жазу