Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АБАЙ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

АБАЙ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Елімізде ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі шымкенттегі №-125 мектепте өтті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Білім ұясының ұжымы бір күндік сабақ кестесін толықтай ақынның ғұмыры мен шығармашылығына арнапты. Тіпті спорттық шаралар да соған негізделген. Басты мақсат жастарға ұлы ойшылдың шығармаларын кеңірек насихаттау дейді педагогтар.

Мұғалімдер Абайдың  әнін шырқап, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Аралас мектептегі өзге ұлттың балалары да қазақ данасының шығармаларын жатқа айтты. Мектептегі жас суретшілер абыздың бейнесін қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.

Мөлдір Нұрмаханова — № 125 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы: Абай құнанбаевтың 175 жылдығына арнап салып жатырмыз. Бұл суретте жай қаламмен салып жатырмын. Жалпы суретті интернеттен тауып бейнесін салып жатырмын.

Бұл білім ұясында спорт саңлағы атанған балалар көп. Футбол- волейбол командалары қала бойынша үздік ондықтың қатарында. Мектептің спорт үйірмелері ел чемпиондарын тәрбиелеп шығаруда. Мәселен бесінші сынып оқушысы Батихан Әбілхан шашкі спортынан еліміздің екі дүркін чемпионы.

Батихан Әбілхан — № 125 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы:  Шәшкіге дойбыға алты жасымнан қатысып келемін. Қазір 4 жыл болды. Мен Алматы, Тәшкент, Қарағанды қалаларына барып жүлделі орындар алып жүрмін.

Ерғали Төлебаев — № 125 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі: Қазақстанның үш дүркін чемпионы бар шашкіден. Үш оқушы.Тайквандодан чемпионымыз бар. Ережесіз жекпе-жектен Азияның екі дүркін чемпионы бар.

Бір күндік сабақ кестесі толықтай Абайдың шығармасына арналды. Ұстаздар ұлы ойшылдың құнды дүниелерін насихаттаса, оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып жарысты. Һакім Абайдың 175 жылдығы спорттық шарамен жалғасты.  Мұғалімдерден құралған 12 команда волейболдан өз ара мықтыларын анықтайтын болады.

 

Пікір жазу