Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы жайттарын ашты

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы жайттарын ашты

Ақпан айының басында Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі сағат 03:00-тер шамасында белгісіз тұлғалар қорасынан 5 бас қойын жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.


Мал ұрлығын ашу мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлермен сауалдар жүргізіп, қылмыстың барлық іздерін мұқият тексеріп шықты.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті 4 тұрғыннан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдіктілердің бірі Ордабасы ауданының басқа тұрғынынан құны 40 мың теңге тұратын қой ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Сол күні Сарыағаш АПБ-не тағы бір мал иесі арызданған. Жәбірленуші қаңтар айының соңында оның 2 қойын ұрлап, өзіне жалпы құны 70 мың теңге шығын келтіргенін хабарлады. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-нің СДТБТ-не тіркеліп, жедел-іздестіру іс-шарасы басталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласы мен Мақтарал ауданының екі тұрғынын құрықтады. Мал ұрлығын жасаушылар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.


Белгілі болғандай, мал ұрлығы бөтен мүлікті ұрлаумен байланысты қылмыстардың ең көп орын алатындарының бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, ұрылар ауылдықтардың ұқыпсыздығын және жайылымдарда адамдардың болмауын, сондай-ақ жәбірленушілердің шаруашылық қора-жайларының жабдықталуын пайдалана отырып, арам ойларын іске асырады.
Осыған ұқсас қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуға және үй жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Төрт түліктің еркін жайылуы үшін мүмкіндігінше бақташы жалдау керек. Сондай-ақ ауылдықтар өздерінің шаруашылық аулаларын бекітіп , оларды жарықтандырумен, күзет дабылы және сенімді кіру есіктерімен жарақтандыруы керек.
Үй жануарлары жоғалған немесе ұрланған жағдайда, өз бетінше іздестіруге уақыт жоғалтпай, шұғыл полицияның көмегіне жүгіну қажет. Бұл полицейлердің мал ұрлығы қылмысын «ізін суытпай» ашып, қылмыскерлерді ұстауға ықпал етеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір жазу