Тәжірибе көрсеткендей, бөтен мүлікті ұрлаудың басым бөлігі азаматтардың өздерінің бейқамсыздығынан болады. Көп жағдайда жәбірленушілер қылмыскерлерге пәтер немесе өзге де ұрлық жасауға мүмкіндік беріп қояды. Олардың басым бөлігі, әдетте, қолайлы жағдай туындаған кезде, мысалы, үй иелері болмаған кезде, қоғамдық көлікке отырғызу немесе қоғамдық орындарда қараусыз бағалы заттар мен телефондарды қалдыратын жәбірленушілердің бейқамсыздығы кезінде жасалады.
Ұрылар тұрғын үйге құлыпты бұзу, кілтті таңдау арқылы кіріп, қандай да бір құнды нәрселерді жымқырып кетеді. Көбінесе бұл зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника, ұялы телефондар және, әрине ақша.
Мәселен, 10 ақпан күні Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Түркістан қаласының полицейлері қалташаларды ұстау мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде, жедел уәкілдер ұялы телефон ұрлаған күдіктіні құрықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Үш күннен кейін Түркістан қаласының полициясына облыс орталығының басқа тұрғыны пәтер ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленуші оқиға болған күні түнде оның үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, «Самсунг» маркалы екі теледидарды ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллионға жуық теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан қалалық ПБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде екі жергілікті тұрғынды ұстады. Анықталғандай , жас жігіттер жәбірленушінің үйіне сыртқы есік арқылы заңсыз кіріп, тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен. Тергеу барысында үй ұрыларының басқада осындай 2 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Аталған жайттар «ұрлық» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер «қолхатта».
Тағы жеңіл жолмен ақша тапқысы келген екі күдіктіні Түркістан полицейлері көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен қолға түсірді. Сонымен, қаңтар айының соңында Түркістан қаласының тұрғыны, полиция басқармасына арызданған, онда белгісіз тұлғалар үйінен 60 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсетті.
Жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп, полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, куәгерлердің жауап алды, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, көрші үйде орнатылған бақылау камерасының бірінен, екі күдікті адамды байқалды . Шұғыл атқарылған шаралар арқасында полиция қызметкерлері, кінәларын толық мойындаған Ордабасы ауданының екі тұрғынын құрықтады. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтады. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері мүліктеріңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау мақсатында мұқият болып , есіктерді ашық қалдырмауға, есіктерге сенімді құлыптарды орнатуға, сондай-ақ пәтер кілттерін кілемше астында немесе басқа жерлерде қалдырмауға кеңес береді. Үйден шыққан кезде балкон есіктерін, барлық терезелер мен желдеткіштерді мұқият жабыңыз, ал ұзақ уақыт болмайтын жағдайда көршілерден пәтерді қарап тұруды сұраңыз.
Дәлізді, баспалдақ алаңын және подъездерді жарықтандырдыңыз. Күзет дабылы мен бейнебақылау камераларын орнатыңыз. Сондай-ақ қоғамдық көлікке отырған кезде бағалы заттар мен ұялы телефондарды киімнің ішкі қалтасында сақтау қажет. Қалта немесе пәтер ұрлығы болған жағдайда жедел түрде «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз .