Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының жарыө көргені белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті.

Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды-қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» — деген болатын. Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданында Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуына арналған мерекелік шара Састөбе кентінде бастау алды.


Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов бүгінгі шараның кейінгі буынға бар маңыздылығын айтып, ұлы ақынның 175 жылдығына арналған жиындар жыл бойы жалғасатынын жеткізді.


«Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй»,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті мәңгілікке айналды.
Мерекелік шарада Абайдың музыкалық мұралары мен шығармаларын ауданымыздың талантты жастары мен өнерпаздары састөбеліктерге тарту етіп, өмір жолынан сақыналық қойылымдар көрсетілді. Жиналған көпшілік әрбір сахналық қойылым мен әнді сүйсіне тыңдап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.


Ұлы ақынның өмір жолы мен шығармаларын кейінгі буынға кеңінен насихаттау мақсатында мұндай шаралар жыл бойы  жалғасын табатын болады.

Пікір жазу