Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Бұқаралық спортты дамыту ісі ең алдымен, жас жеткіншектер арасында қолдауға ие болуы тиіс. Осыған жіті көңіл бөлген Қазығұрт ауданында жас жөспірімдер арасында кіші футболдан облыстық сайыс ұйымдастырылды, , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кіші футбол жарысында ұландар тек сергіп қоймай, өздеріне спортта серік — дос тапты. Жарыс жалауы ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай көтерілді. Сайыста Облыс көлемінен 9 жасөспірімдер командасы бақ сынысты.  Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортпен айналысуға ынталандыру. Сол арқылы ұсақ құқықбұзушылықтың орын алмауына жергілікті билік тарапынан көмек көрсету. Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Құралбек Бұқаров — Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: Жасөспірімдер арасында футболдан кіші футболдан облыстық сайыс ұйымдастырылуда. Балалардың жаман әдеттерден аулақ болып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда мұндай шаралардың тигізер әсері өті үлкен.

 

Пікір жазу