Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ӨЛЕҢ ӨЗЕГІ ӨМІРДЕН ӨРІЛГЕН

ӨЛЕҢ ӨЗЕГІ ӨМІРДЕН ӨРІЛГЕН

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізге танымал ақын-жазушылармен «Мәртебелі поэзия мінберінде» кездесу Шымкент қаласында дәстүрге айналды. Шаһардың рухани өміріне ерекше серпіліс әкелген шығармашылық кештің бұл жолғы қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баян Тіленшина болды.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Оңтүстіктің ақын қызы кітап сүйер қауымға «Қанат қақты», «Ғашық-нама», «Шабыт шашуы», «Жыр додасы», «Жұлдыз жүрек» атты жыр жинақтарымен бірге прозалық туындыларымен де танылған шығармашылық иесі. «Отырар» кітапханасында өткен кеште жұртшылық ақынның жырларына құрылған әдеби композияцияны тамашалады. Әдебиеттегі үдеріс, шығармашылық шыңдалу, әдеби жанрлардың ерекшеліктері жайында пікір алысты. Сондай-ақ шығармашылық кеште Баян Тіленшинаның «Тұран туы — Түркістан, «Әкешім», «Бесік жыры» және «Бақытты бол» секілді әндері шырқалады.

Баян Тіленшина, ақын, жазушы: Ақын кімнің ақыны? Ол-халықтың ақыны. Халықтан алған, жиған-терген байлығын молайтып, көбейтіп халыққа қайтару ақындардың міндеті. Әдемі сөз бар «Рухани байлық болмаса, қазақтың тоқтар қайығы» деген. Сондықтан «Поэзия мінбері» рухани байлықтың молаюына себепкер болады.

 

Пікір жазу