Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

Түркістан облыстық №2 олимпиада спорт мектебінің шәкірттері пауэрлифтингтен Чехия елінде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Іріктеу Леңгір қаласындағы спорт кешенінде өтетді. Онда бапкерлер ең мықты деген жастарды әлемдік додаға дайындайды, деп жазады , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әдбірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Түркістан өңірі мен Кентау қаласынан келген жасөспірімдер мен жастар кезекті рет біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдауда. Жерлестеріміз алдағы кезде өтетін Ел біріншілігі мен Азия, әлем чемпионаттарына жоғары деңгейде дайындықтарын бастады. Пауэрлифтингтен облыс құрамасының аға бапкері Тұрап Таджиевтің айтуынша, өңіріміздің спортшылары Қазақстан чемпионатының іріктеу сайыстарына қатысатын болады.

Тұрап Таджиев — пауэрлифтингтен аға бапкер: Шәкірттеріміз Азия және Чехияның Плезен қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын бастады. Қазір облыс пауэрлифтингтері облыс біріншілігінің іріктеу сайыстарына дайындалуда. Жүк көтеру спорты- алдағы кезде олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін.

Пауэрлифтингтен облыс құрамасына іріктеу Леңгір қаласында өтеді. Оған өңіріміздің ең талантты деген спортшы ұл-қыздары шақырту алған. Білікті басшы Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін спорт мектебінде олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері кәсіби тұрғыда қарқынды дамытылып келеді. Бүгінге дейін мұнда темір көтеруден 4 спорт шебері және 8 ұлттық құраманың мүшесі дайындалған. Сонымен қатар, осы мектептің ізбасарлары баскетболдан кезекті облыс біріншілігінің іріктеуіне жоғары деңгейде жаттығу жұмыстарын өткізуде. Шарша алаңда баскетболшыларымыз тәжірибелерін арттырып, 14 ақпанда Мырзакентте өтетін биылғы облыс чемпионатына дайындалуда.

Роман Асимбеков — Баскетболдан жаттықтырушы: Бүгінде облыс чемпионатына дайындық жұмыстар өткізілуде. Алда баскетболдан Қазақстанның біріншілігі бар.

Түркістан облысы бойынша білікті бапкерлер мен спорт мамандары қызмет атқаратын №2 олимпиадалық спорт мектебінің ұжымы жыл сайын ғаламат жетістіктерге жетіп келеді. Облыс құрамасы баскетболдан шаршы алаңдағы басты қарсыластары Алматы, Қарағанды, Талдықорған қалалары мен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын жеңіп, үздіктер қатарынан көрінеміз деген басты жоспарлары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу