Созақ ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен және Жартытобе ауылдық округі бойынша маманының және үйірме жетекшісі Ә.Бейсеқұловтың ұйымдастыруымен Жартытөбе ауылдық округі Ш. Уалиханов жалпы орта мектебінде «‘Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы» және 2020 жыл- Волонтер жылына орай шахматтан және қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан оқушылар арасында жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша шазматтан 1- орын Байне Н, 2- орын Пернебай С, 3- орын Балтабек Н, ең жас ойыншы номинациясын Нұрланқызы иеленді, тоғызқұмалақ сайысы бойынша 1- орынды Мейірман, Г 2- орынды Балтабек Н, 3- орынды Мархабай Г және Нұрмгханбет Н, ең жас ойыншы номинациясы Өмірберсін І иеленді. Орын алған оқушылар Жартытөбе ауылдық округі әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жалпы, балалардың зеректігін арттыру үшін шахмат пен тоғызқұмалақтың алар орны ерекше. Әрі мұндай жарыстардың соңғы кездері ауыл-аймақтарда барлық жас арасында жиі өткізілуі көңіл қуантады.