Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » Тарихи-мәдени мұралар: Жалпақтөбе қалажұрты

Тарихи-мәдени мұралар: Жалпақтөбе қалажұрты

Жалпақтөбе қалажұрты

Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы.

Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.

I-XIII ғғ. (археол.). Қоғам ауылынан солтүстік — батысқа қарай 17 км жерде, Отырар төбеден батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т433635 UTM 4747978. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1966-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев), 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы зерттеген.

Жалпақтөбе – күрделі фортификациялық жүйесі бар, Сырдарияның ірі меандрларының бірінің қасында орналасқан қалажұрт. Жосыны тікбұрышты екі деңгейлі төбе, өзінің ұзын жағымен солтүстік – солтүстік –шығыстан, оңтүстік – оңтүстік — батысқа созылып жатыр. Қабырға шайындыларының етегінен есептегенде төбенің көлемі 365х190 м.

 

Дереккөз: www.otrarmuseum.kz

Пікір жазу