Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » АВТОКӨЛІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР

АВТОКӨЛІКТЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР

Өрт – тілсіз жау. Кешіксең, кешірмейді. Әсіресе6 автокөліктерде өрт орын алған жағдайда ол лезде таралып, саналы уақытта-ақ темір тұлпарыңыз өртке орантыны белгілі. Ал газбен жабдықталғаны болса оның қауіпі де жоғары.
2020 жылғы 3 мамыр 9 сағат 37 минутта Шымкент қаласы Төлеметов көшесі Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлік тұрағындағы жеңіл автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орны мен өрт сөндіру бөлімінің арасы 5,5 км. Өрт сөндіру қызметі дер кезінде жетіп, оқиға орнында «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігінің толық өртке оранғанын анықтады, жарылып кету қауіпі болды. Өрт сөндірушілер өртті 2 минутта оқшаулады. Алайда автокөліктерде жанғыш заттардың көп болуына байланысты өрт болған жағдайда үлкен жалын орын алады және тез таралып кетеді. Сондықтан да өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.
Құрметті автокөлік иелері:
-автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
-үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;
-өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
Егер сіздің автокөлігінізде өрт орын алған жағдайда:
-cол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;
-тәжірибе жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің тұйықтауынан болады.
-егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
-жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.
-жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін топырақ немесе көбік сеуіп тастау керек
-егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.
Ең бастысы тез арада «101», «112» нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыруларыңыз қажет!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу