Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЗАРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЗАРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент базарларында санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Қаладағы базар басшыларымен кездесіп, карантиндегі жағдаймен танысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов Facebook парақшасында осылай жазды.

– Кезінде алдыңғы қатарлы базар болған, бәрімізге таныс «Евразия» базары бүгінде бірнеше сауда нысандары — «Әсел”, “Бенефис», «Южтранс», «Алтын орда» және «Евразия Торг Сервис» базарларымен ұштасқан. Сауда нысанының өкілдерімен санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздік деңгейін және сатушылар мен келушілерге нысанның ыңғайлылығын талқыладық, – деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінде заман талабына сай сауда орталықтары көбейген уақытта базарларға сұраныстың төмендейтіні анық. Осы ретте М.Пернебайұлы, базар басшыларымен бірге орталықтандырылған, тұрғындарға қолайлы, әрі қауіпсіз сауда нысанын қалыптастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың қатаң сақталуы да ескертілді.

Еске сала кетсек, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу