Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «АҚЫЛДЫ» ЖҮЙЕМЕН БАСҚАРЫЛАДЫ

«АҚЫЛДЫ» ЖҮЙЕМЕН БАСҚАРЫЛАДЫ

Шымкентте жыл соңына дейін 21 тұрғын үй «ақылды» жүйемен басқарылатын болады. Бұл тетіктің баспаналарды күтіп ұстауға ғана емес, тұрғындардың коммуналдық төлемдерге төлейтін шығындарын азайтуға да септігі мол.

Үй басқарушылары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері бүгін Шымкентте өткен семинарда жаңа технологияның қыр-сырына қанықты. Автоматтандырылған торапқа алдымен коммуналдық үйлер қосылады. Оған кеткен бар шығын қала бюджетінен қаралады.

«Автоматтандырылған диспетчерлік тарап жүйесінің іске қосылғанына елімізде бірер жылдан асып барады. Тиімділігін көрсетті. Барлық коммуналдық төлемдердің есебі орталық жүйеде тіркеліп отырады. Бұл тұрғындарға үнемдеуге де мүмкіндік береді», — деді «Шымкент тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры.

Бүгінгі таңда қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жедел басқару орталығының камералары қоғамдық орындар мен халық көп жиналатын көшелерге орнатылған. Егер қоғамдық орында қандай да бір қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық бола қалса, полиция инспекторлары сол маңдағы бейнебақылау камералары арқылы бақылап, қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаны және автокөлікті анықтай алады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу