Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаменті аудан әкімдерінің және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, қаламыздағы жұмысын қайта бастаған нысандарға санитарлық – дезинфекциялық және санитариялық – карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіп жатыр.
Елімізде төтенше жағдай және карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 433 құқық бұзушылық дерегі орын алған. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталған 294 жайт.
Тексеріс кезінде қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс жасағандары анықталды.
Бұдан бөлек 139 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 45 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.
(Ә.Ә.)
(Азат Дидарбектің фоторепортажы)