Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТ: ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Әл-Фараби ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасымен аудан аумағындағы 21 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, қазіргі таңда олардың 30%-ы ескірген.
«Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, аудан аумағындағы 62 көпқабатты тұрғын үйге тұрғындардың өтініші бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді,
Биыл аталған бағдарлама аясында 21 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, — дейді ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов.

Айта кетейік, жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Алайда, аталған бағдарлама аясында тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үйдің пәтер иелері өз еріктерімен жазбаша келісімін білдірген жағдайда, бағдарламаға сәйкес тұрғын үйге қайтарым негізінде жөндеу жұмыстарын (шатыр, жертөле, кіреберіс, инженерлік жүйелер т.б) жүргізуге мүмкіншіліктері бар.

Ол үшін, аудан әкімдігіне тұрғындар тарапынан жазбаша өтініш білдіру қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 39-02-01, 53-04-00 телефондарына хабарласуға болады.

©Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу