Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУ – КҮНДЕЛІКТІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУ – КҮНДЕЛІКТІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай азағанын айтты. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 0,5%-ға дейін төмендесе, сауығып шыққан адамдар саны 76%-ға жеткен.

Осындай жақсы көрсеткіштерден кейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау туралы жоспарын бекітті. Жоспарда сауда үйлері, базарлар, алдын ала жазылумен салондар, топта 5 баладан артық емес қабылдайтын білім орталықтары ашылатыны белгілі болды. Бұл тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Дегенмен, санитарлық талап: бетперде тағу, антисептик және арақашықтықты сақтау секілді негізгі талаптар өз күшінде қалап отыр. Сонымен қатар эпидемилогиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында да демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Бұл шешім — әрбір тұрғынның денсаулығын сақтау мақсатында қолға алынып отырғанын ұмытпағанымыз жөн. Әл-әзір арқаны кеңге салып, емін-еркін, маскасыз, мақсатсыз көпшілік орталарға жиі барудан сақтануға шақырамын.
Соңғы күндері көшелерге ақпараттық парақшалар ілініп, санитарлық талаптарды сақтауға қатысты әрбір тұрғынмен түсіндірме жұмыстары жүріп жатқанын көріп жүрміз. Мұндағы мемлекеттің басты мақсаты мен мүддесі — ұлттың саулығын сақтау. Әлемде коронавирус індетінің оңай болмай тұрғынын әрбіріміз біліп, көріп отырмыз. Сондықтан қаланың әрбір азаматы бұл іске жұмыла кірісіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, індетпен бірлесе күресуі тиіс. «Ынтымақ — бұзылмайтын қорған» деп текке айтылмаған.
Осы себепті, әзірге тыйым салынған ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шаралардан аулақ болайық! Бұл отбасымызды, жақынымызды сақтаудың бірден-бір жолы болып тұр.

Ахмет БЕДЕН,
«Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАК Шымкен қаласы филиалының бөлім басшысы

 

 

Пікір жазу