Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына “КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен компаниясы 3 жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Аталған компания атынан берілген бір аппараттың құны — 15 млн 250 мың теңге. Бұл медициналық аппараттар пневмония және коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

«КАТКО-Демеу» корпоративтік қорының Бас директоры Тағабек Жанксиевтің айтуынша ИВЛ аппараттарын Оңтүстік Кореядан арнайы тапсырыспен алдырған.
– «Birgemiz» жобасын қолдау мақсатында осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Пандемия кезінде баршамыз жұмыла іс атқаруымыз қажет, — дейді кәсіпкер.

Аурухана бас дәрігері Бақтығали Ережепов ұжым атынан құрал-жабдықтарды медициналық мекемеге жеткізіп берген кәсіпкерге алғысын білдірді.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында пневмония және коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар ем алады. Бүгінде мұнда эпидемиялогиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ауруханадағы төсек — орындардың 80 пайызы бос тұр.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу