Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

Шымкентте қоғамдық көлік саласын жаңғырту мақсатында 2 Gis жобасы қыркүйек айында толық іске қосылады.
Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде осылай деді. Жобаға сәйкес, смартфон құрылғы арқылы кез келген аялдамадан қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын көре аласыз. Картада барлық қозғалыстар анық көрініп тұрады.

– Қазір жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан GPS деректерді алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған деректер дайын болғаннан кейін жоба толыққанды іске асырылады. Одан бөлек, AR-Shymkent виртуалды жобасын іске қостық. Оның мақсаты – қаладағы тарихи жәдігерлер мен маңызды нысандардың, ескерткіштердің жай-күйі, тарихы тарихы туралы мағлұматтарға арнайы белгіге сматртфон құрылғысын жақындату арқылы көріп, танысуға болады, – деді Досан Биназарұлы.

Сондай-ақ, жер қатынастары саласында ұсынылатын қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Берілген тапсырмаларға сәйкес, осы жұмыстарды сапалы түрде жүзеге асыра алатын әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары мен техникалық ерекшеліктері қарастырылған. Алдағы уақытта ең тиімді ұсыныс таңдалып, жыл соңына дейін Шымкент қаласының геопорталы іске қосылмақ.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу