Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «БАДАМ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

«БАДАМ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте «Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы барысында «Бадам» су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды, деп жазады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Республика көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты — экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері және бір топ еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шара барысында «Бадам» су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамау туралы ескертеді және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауға шақырады.Шара аясында балық аулау ережелерін бұзбау туралы ескертіп, азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Айта өтейік, 26 шілдеде басталған жедел алдын алу шарасы барысында Шымкент қаласының аумағында барлығы 412 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу жұмыстары әліде жалғасады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу