Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЗАМАНАУИ ИППОДРОМ БОЙ КӨТЕРЕДІ

ЗАМАНАУИ ИППОДРОМ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі.

Қазіргі таңда нысанның жобалық — сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді.

Жобаға сәйкес жаңа нысанда – жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған алаң, жабық мінбер, атқоралар, жабық манеж – шпрингартен, ветеринариялық — профилактикалық бекет, сондай-ақ құрама жемге арналған қоймалар және автотұрақ болады деп жоспарлануда.

Белгілі бапкер, «Құлагер» көкпар командасының жаттықтырушысы Ғани Ахметбаевтың айтуынша қазіргі атшабарға биыл тура 41 жыл болыпты.  1979 жылы ашылған. Атшабарда әр жылдары әр деңгейде күрделі жөндеулер болған. Бірақ заманауи ипподром деңгейінде деп айтуға келмейді. Тозғандарын ғана ауыстырып, бүлінген жерін қалпына келтіру жұмыстары ғана жасалған.

©Өз тілшімізден

Пікір жазу