Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді.

Бүгінде провизорлық стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісі тіркелді. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-сі – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу