Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «SHYMKENT» ӘКК» АҚ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

«SHYMKENT» ӘКК» АҚ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген кезден бастап, қалада тұрғын үйге деген сұраныс артқан. Осыны ескерген «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы 2024 жылға дейін шамамен жалпы алаңы 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте «Shymkent» ӘКК» АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 26 тұрғын үй құрылысы бойынша 6 келісім-шарт жасаған. Оның ішіндегі 21 үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі екен.
«Тұрғын үйлердің құрылысы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, «Қазақстандық орнықтылық қоры» АҚ-ның кредиттік қаражаты есебінен және ӘКК-ның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Корпорация пәтерлерді сату жолымен шамамен 12.8 млрд теңгеге қол жеткізеді, оның 11.8 млрд теңгесін қолданыстағы кредит бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қайтаруы қажет»,-деді Б.Канкин.

Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысы негізінде «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған 24 үй пайдалануға берілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу