Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 10 975 ДАНА КОМПЬЮТЕР САТЫП АЛЫНДЫ

10 975 ДАНА КОМПЬЮТЕР САТЫП АЛЫНДЫ

Шымкент қаласында білім саласын дамыту 5 басым бағытқа сәйкес жүргізілуде. Қаланың білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша алға қойған міндеттер, іс-шаралар және саладағы өзекті мәселелер және шешу жолдары бойынша жоспар бекітілген. Инфрақұрылымды және цифрландыруды дамыту – басым бағыттардың бірі.

Білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева бүгінгі онлайн форматта өтіп жатқан тамыз кеңесінде осы бағытағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде білім мекемелеріндегі компьютерлер саны 20 201-ді құрап отыр. Оның ішінде, ағымдағы жылғы шілде айында 10 975 дана компьютер сатып алынды.
Одан бөлек, ҚР Үкімет қоры және жергілікті бюджет есебінен 36 355 (7438 – компьютер, 24 716 – ноутбук, 4 201 – планшет) компьютерлік құрылғылар алу жұмыстары басталды.

Қашықтан білім беру жағдайында, 222 050 оқушының 35%-на (77 698 оқушы яғни, 41 900 – компьютерге мұқтаж, 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары) компьютерге тапшылық анықталды. Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы әлеуметтік көмекті қажет ететін 24 955 отбасының 35 798 баласы қамтылды. Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 41 900 бала қамтылатын болады.

Бүгінде білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Қаралған қаржы – 235,9 млн. теңге.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ арқылы қала сыртындағы елді мекендердің, білім ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту жұмыстары және интернетке мұқтаж 24 109 отбасының (жалпы 42 368 бала) 17 706-на интернетке қосылған «әмбебап-нөмірлер», 6 403-не кабельді интернет желісі тартылуда.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу