Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте білім саласы «Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік бағдарламамен жұмыс жүргізуде.

Шаһарда білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Онлайн тамыз кеңесінде баяндама жасаған Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева жаңа оқу жылында бірқатар білім ордалары ашылатынын мәлімдеді.

Жаңа оқу жылынан бастап Шымқалада халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» жұмысын бастайды.

Мінекей, жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласы қызметкерлері осындай қуанышқа кенеліп отыр. Дарынды балаларға арналған мектеп қалада орта білім беру саласын дамыту, білім сапасын жоғарылату мақсатында ашылып отыр.
Ұлы ақынның есімін иеленген білім ордасынан білімді, алғыр азаматтардың көптеп шығатынына сенім зор.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу