Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАСАҒАН ЫҚПАЛЫ ЗОР

ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАСАҒАН ЫҚПАЛЫ ЗОР

Тәуелсіз көпұлтты еліміз ынтымақ пен бірліктің арқасында санаулы жылдарда орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдер арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституцияның жасаған ықпал өте зор.

Қазір еліміздің қол жеткен табыстарына бүкіл Орта Азия мемлекеттері қызыға қарауда. Сол сүбелі табыстарымыздың барлығы Конституцияның арқасы. Қандай мемлекетте болсын әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруі үшін соны қамтамасыз ететін, іс-әрекеттерін, құқықтарын айқындайтын, мүдделерін, меншіктерін қорғайтын көптеген заңдар қабылданады. Бізде де солай. Өз тәуелсіздігін алған Қазақстан 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Бұл – республика тархында болған аса ерекше оқиға еді. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды.

Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті қадамдар.
Кейіннен яғни бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылы 30 тамызда бүгінгі Конституциямызды қабылдадық.
Бүгінгі Конституциямыздың басқа заңдардан артықшылығы ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» дейді.

Еліміздің әрбір азаматы өз құқықтарын білу үшін заман талабына сай шығарылып жатқан заңдарды мұқият әрі зерделей оқуы керек. Өз құқықтық білімдерін үнемі жетілдіріп, басшылыққа алып отыруы қажет. Сонда ғана заңсыздықтардан зардап шекпейді, өзінің құқықтары мен бостандықтарын кез келген орында қорғай алады.

Қазақстанның 2050 стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей халқымыздың ен дәулетке кенеліп, бақуат өмір сүретіндігі, бейбітшіліктің үстемдік алатындығы сөзсіз. Сондықтан да біздің саяси-экономикалық, мәдени және рухани дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылған Конституциямыздың өміршеңдігін ұзағынан сүйіндіргей.

А.ЖУМАНОВ, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің заңгері

 

Пікір жазу