Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АТА ЗАҢ – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

АТА ЗАҢ – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

Өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, 1995 жылғы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыздың әрбір бабы ежелден еркіндікті аңсаған еліміз үшін аса құнды.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев: «Ата Заңымыз мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция – арайлы азаттығымыздың айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары. Ол елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары», – деген салиқалы сөзі нағыз өмір шындығына айналды.

Биыл қабылданғанына 25 жыл толған Конституциямыз мемлекетімізді толағай жетістіктерге жеткізіп, дүниежүзілік қауымдастықтың белді мүшесіне айналдырды.

Түсінген жанға бұл күн – қазақстандықтар үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. Сол тарихи сәттен бастап біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қадам басты. Ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, алдыңғы буынға талай ғасыр арман болған бейбіт заманның алғышартын іске асыруға белсене кірісті.

Конституциямызда демократиялық өлшемдерге сай келетін билік тармақтары мен мемлекеттік институттар айқындалып, адам және оның өмірі,құқықтары мен бостандықтары мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы деп атап көрсетілді.

Қазақстанның Ата Заңы сындарлы сыннан өткен, мемлекетіміздегі экономикалық және әлеуметтік реформаларын қамтамасыз етіп отырған басты құжат. Сондықтан 30 тамыздың қазақстандықтар үшін маңызы зор.

Ендеше, еркіндіктің бастауы болған Конституция күні мерекесі құтты болсын!

Асанов Латипша Каймаханович
Шымкент қалалық «Ахыска»
түрік этномәдени орталығы
қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Пікір жазу