Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ-ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА!

ШЫМКЕНТ-ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА!

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығы фестивалі өтеді.

Қатысу шарттары өте оңай:

Барлық номинациялардағы қатысушылардың жасы 6-дан 15 жасқа дейін
Фестиваль үш номинацияны қамтиды.

— Вокалдық шығармашылық (академиялық, халықтық, эстрадалық)
— Аспаптық орындау (классикалық, халықтық, эстрадалық, джаз)
— Бейнелеу өнері (кескіндеме және графика)

Қатысушылардың барлық жұмыстары shym_madeniet@mail.ru электрондық поштаға немесе +7(701)494 39 92 Telegram нөмірі арқылы қабылданады
Қатысушылар Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында материалдарды келесі хэштегтермен жариялауы керек #SNGKZ2020#TMDSHYMKENT2020;
Әр қатысушы өнер көрсету алдында фестиваль атауын, қысқаша өзі туралы мәліметті, шығарманың атауы мен авторын міндетті түрде көрсете отырып, бейне-сәлемдесу ұсынады.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады және 2021-2022 жылдар аралығында карантиндік режим аяқталғаннан кейін шақырушы тараптың есебінен Шымкент қаласында (Қазақстан) өтетін халықаралық балаларға арналған іс-шараларға шақырылады.

Ендеше сәттілік тілейміз!

 

Пікір жазу