Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КҮЗГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КҮЗГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында ауылшаруашылығы жануарларын күзгі энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай, қала аумағында орналасқан қоралардағы ірі қара малдарды арнайы сұйық дәрілермен бүрку және ұсақ малдарды тоғыту шаралары басталады. Айта кетерлігі залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:
— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;
— ірі қара малдарын дезинфекторларға бүрку үшін жеткізуге;
— ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған ваннаға апаруға міндетті.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруақожалық иелері өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!

Шымкент қаласы бойынша күзгі кенеге қарсы энзоотиялық жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.

 

Пікір жазу