Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ 315 814 БІЛІМ АЛУШЫМЕН БАСТАЛҒАЛЫ ОТЫР

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ 315 814 БІЛІМ АЛУШЫМЕН БАСТАЛҒАЛЫ ОТЫР

Шымкентте жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемесімен 320 мыңға жуық білім алушымен басталғалы отыр.
2020-2021 оқу жылында білім беру мекемелері саны – 742, білім алушылар саны – 315 814. Оның ішінде: мектептер – 172, оқушы саны – 211 796
– балабақшалар – 526, бала саны – 77 271
– колледждер – 30, студенттер саны – 26 308
– қосымша білім беру мекемелері – 9, бала саны – 20 061;
– арнайы мекемелер (ПМПК – 1, ППТК – 3, Оңалту орт.) – 5, бала саны – 439.

Биыл қалада 13 мектептің (6 жаңа, 7 қосымша) және 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 2020 жылы 5 100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша) және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы пайдалануға беріледі.

2021 жылға 5 мектеп (2 жаңа, 3 қосымша) құрылысы өтпелі.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.
Қазіргі таңда білім мекемелерінің дайындығы арнайы құрылған комиссиямен қабылдануда.
1-қыркүйектен бастап жаңа оқу жылы жалпы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Ал, 14 940 бастауыш сынып оқушылары үшін ата- аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сыныптар ашылады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу