Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУДА БИЗНЕСКЕ ЖОЛ АШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙРЫҚША ТОҚТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУДА БИЗНЕСКЕ ЖОЛ АШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙРЫҚША ТОҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әсіресе, кәсіпкерлік нысандарын дамыту, бизнеске кең жол ашу мәселесіне айрықша тоқталды.

«Бизнеске кедергі келтіру мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде қаралады. Бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бағдарламасы 2021 жылға дейін ұзартылады. Біз реформаларға тың серпін беруіміз керек» деген Президент тиісті сала мамандарына келесі жылдың барысында шағын және орта бизнес қызметінің жаңа құқықтық базасын әзірлеуді тапсырды. Осылайша, кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік құрылымның кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру жағдайы деп бағаланатынын айтты.

Бұл өз кеззегінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып отырған азаматтарға үлкен қолдау болмақ. Істің көзін табуда нартәуекелге бара алмай отырған жандар үшін де үлкен үміт сыйлауда. Елімізде өз кәсібін ашамын дейтіндерге кең жол ашылған. Тек ниет пен күш-жігер болса болғаны.
«Біз реформаларға тың серпін беруіміз керек, – деген Мемлекет басшысы шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтты.

«Ұлттық банк пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыру бойынша арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұған дейін бағдарлама биыл аяқталады деп жоспарланған еді. Қазіргі дағдарыстық жағдайда аталған бағдарламаны 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға қосымша 200 млрд. теңгені қарастыру керек. Осы орайда бағдарламаның жалпы көлемі 800 млрд. теңгеге дейін жеткізіледі» дегені жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болуда.

Экономиканы дамытудың негізгі парасы болып саналатын кәсіпкерлік нысандары өз жұмысын қарқындатқан жағдайда елдің әл-ауқаты да артары сөзсіз. Олай болса, кәсіп ашып, өзіміздің ғана емес, елдің гүлденуіне үлес қосуға әрқайсымыз мүдделі болуымыз қажет. Негізгі табыс көзі кәсіпкерліктен құралатын елдердің көшінде еліміздің ойып тұрып орын алар күні алыс емес.

Талғат ИСХАҚОВ,
«БалТекстиль» ЖШС-ның директоры

 

Пікір жазу