Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі атты бұл Жолдау ел алдында тұрған бүгінгі міндет тұтас ұлт сапасын арттыру қажет екенін айқындады. Яғни, адам мен қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отырғанын Президент дәл жеткізді. «Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын» деп, ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастырғысы келетінін білдірді.
Мемлекет басшысының сөзіне үңілсек, бүгінгі ұрпақ терең білімді, ерінбей еңбек етуге бейімді, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыратын және бойында темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілік болуы – ең маңызды қасиет. Одан бөлек, әділдіктен айнымаған, адалдық, ұқыптылық және тиянақтылық қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра алатынымыз анық. Кемелұлының көздеген мақсаты – дәл осы. Ал халқымыз бұл кейіпте қалыптаса алатынына мен сенемін.
Сәкен МӘЖІНБЕКОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі» проректоры