Шымкенттегі А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа келушілер саны артқан. Бұл туралы бүгінгі брифингте Шымкент қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев айтты.
– Бүгінде саябаққа келушілердің саны көбейді. Таңертеңгі жаттығулар мен бой сергіту кезінде 200-ге жуық адам келеді. Осы орайда Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Яғни, Шымкент қаласында қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жұмыстары аясында экологиялық мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде, қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын бақылау үшін құрылғылар орнату жоспарланған, – деді басқарма басшысы.
Ахмет Өтегенұлының сөзінше, қалада халықты атмосфералық ауаның жай-күйімен хабардар ету мақсатында 2 дана LED-экран орнатылады.
Баспасөз мәжілісінде сөз алған «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының» директоры Бейбіт Мошқаловтың айтуынша, саябаққа 2018 жылы 132 556, ал 2019 жылы 450 мың демалушы келген.
© DIDARBEK.kz